Алматыда автобус қоршауға соғылды: екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды. Оқиға  салдарынан екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 13 маусымда сағат 12:40-та болған.

"Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды. Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ДП баспасөз қызметі өкілдері. 

Жол апаты дерегін Түрксіб ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері өндіріске қабылдады.

Видеода балағат сөздер барын ескертеміз!

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!