Із-түзсіз жоғалған ер адам Түркістан облысында өлі табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 12 маусымда сағат 16.20 шамасында тұрғындар Арыс өзенінен 500 метр жерде, Шытты ауылында ер адамның денесін тапқан. 

Оқиға орнына келген мамандар өлі табылған адам 1946 жылы туған ер адам екенін анықтаған. Ол 8 маусымда сағат 06.00 шамасында үйінен шығып, оралмаған.  

Жегілікті ТЖД мен Полиция департаменті өкілдері, еріктілер мен марқұмның жақындары іздеу жұмыстарымен айналысты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!