Павлодар облысында 18 жастағы жүргізуші тізгіндеген көлік аударылды: қаза тапқандар бар

Павлодар облысында жол апатынан екі жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 маусымда Шарбақты ауданы Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар тасжолының 10-шақырымында ВАЗ-21703 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды.

Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!