Жыныстық қатынасқа ұқсас әрекеттер жасаған: полиция Хромтаудағы балалардың ісіне қатысты пікір білдірді

Жыныстық қатынасқа ұқсас әрекеттер жасаған: полиция Хромтаудағы балалардың ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: Дина Таңсәрінің Telegram-арнасынан алынған кадр

Полиция кәмелетке толмаған жасөспірімнің басқа балаға жыныстық қатынасқа ұқсас қозғалыстар жасағаны көрінетін видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Ақтөбе облысында жасөспірім қоғамдық орында балаға зорлық көрсетіп жатқанын жазған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina Tansari (@dinatansari)

Хромтау ауданы полиция бөлімінің бастығы Құралбек Шарбаковтың айтуынша, жасөспірім анықталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Сондай-ақ, материал жиналып, Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға қарауға жіберілген. Оның қорытындысы бойынша баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Кәмелетке толмаған баланы профилактикалық есепке қою мәселесі шешіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова