"70 миллион теңге". Әнші Қуандық Рахым су жаңа көлігін көрсетті

Әнші Қуандық Рахым су жаңа көлігін instagram stories-інде көрсетіп, халықтан сүйінші сұрады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бір жарым айдан аса уақыт Қазақстаннның түкпір-түкпір жерлерін аралап, жеке ән кешін өткізген әнші Қуандық Рахым ұжымына алғысын білдірді.

"Аллаға сансыз шүкір! Қырық күнге жалғасқан 70 концерттік ән сапарымызды Орал қаласында аяқтадық", - деп жазды ол.

Ол еңбек еткен барша жанға алғысын білдіріп, халықтан сүйінші сұрады.

"Ал мынау - сол еңбектің жемісі", - деп жазды әнші Қуандық Рахым.

Өнер иесінің таңдауы - Lexus 570 маркалы автокөлігі. Темір тұлпардың нарықтағы құны - 70 миллион теңге.

Айта кетейік, әнші 2020 жылы шаңырақ көтеріп, 2022 жылы алғаш әке атанған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!