Қалай кіргені белгісіз: балабақшада ер адам балалар төсегінде ұйықтап қалған

Қалай кіргені белгісіз: балабақшада ер адам балалар төсегінде ұйықтап қалған
Фото: Podrobno.uz

Ташкентте балабақшада белгісіз ер адам балалар төсегінде ұйықтап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

"12 маусымда сағат 7:47-де Шыланзар ауданының күзет бөліміне 17-кварталдағы №407 мектепке дейінгі білім беру мекемесінен дабыл түсті. Оқиға орнына жедел әрекет ету тобы дереу жетті. Хабарламаны балабақша қызметкерлері жіберген. Олар таңертең жатын бөлмесінде ұйықтап жатқан белгісіз ер адамды тауып алған", - деді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі өкілдері. 

Бейтаныс ер адам ұсталып, оның жеке басын, балабақшаға қандай себептермен келгенін және мән-жайын анықтау үшін Шыланзар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Ұсталған ер адам - 27 жастағы Сіргелі ауданының тұрғыны. Бұл дерек бойынша тергеуалды тексеруді ішкі істер органдары жүргізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек