Қазақстан мен Вьетнамның сыртқы істер министрлері визасыз режим туралы сөйлесті

Қазақстан мен Вьетнамның сыртқы істер министрлері визасыз режим туралы сөйлесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Вьетнам Социалистік Республикасының сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Буф Шон Абай облысындағы алапат өрттің салдарына байланысты Қазақстан халқы мен басшылығына көңіл айтып, өңірдің тез арада қалпына келуін тіледі.

Сонымен қатар тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы мәселелер бойынша, сондай-ақ екі елдің азаматтары үшін өзара визасыз режимді енгізу мүмкіндігі туралы пікір алмасты.

Аса жоғары және жоғары деңгейлерде өтетін халықаралық шаралардың кестесін талқылауға ерекше назар аударылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан