Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

12 маусымда сағат 10:50 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында Теміртау қаласына қарай бағыт алып бара жатқан 57 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша маневр жасау кезінде жол қауіпсіздігіне назар аудармай, алдында келе жатқан ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысып, кейінгісі жол жиегіндегі қоршауға соғылған.

Салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен Audi-де болған 56 жастағы (жүргізушінің жұбайы) жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 57 жастағы Audi жүргізушісі және оның 9 жастағы немересі, сондай-ақ, ВАЗ-2114 автокөлігінің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процесуалдық шешім қабылданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!