"Өмірімдегі жалғыз әттеген-ай". Әнші Айгүл Иманбаева өзінің өмірі туралы тың дерек айтты

"Өмірімдегі жалғыз әттеген-ай". Әнші Айгүл Иманбаева өзінің өмірі туралы тың дерек айтты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өнерге қалай келгенін айтты. Тіпті алғашқы киноларына қалай іріктеліп, таңдалғанын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі "Жақсы адамдарым" бағдарламасына берген сұхбатта айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"АЙ" театрының негізін қалаушы, актриса, әнші Айгүл Иманбаева алғаш киноға қалай келгенін айтты.

© видеоскрин

"Мен Баян Мақсатқызымен бірге фильмге түстім. Одан өзге де көптеген фильмдер мен киноларда төбе көрсеттім. Мен комедиялық рөлдерді көп сомдаймын бірақ ол өте қиын. Себебі актриса табуда қиын болады бұндай рөлдерге. Мен сан қырлы болғаннан кейін белгілі бір бағытта танылуым керек деп жұмыс істеп көрмеппін шынымды айтсам. Жүрегім қандай рөлді қалайды немесе режиссер қандай образ береді сондай рөлді сомдауға талпынып тұрамын",- дейді ол.

Актриса, өзінің танылуына көп адамның тигізген септігі мол болғанын айтты.  

© instagram.com/bayanmaxatkyzy 

"Телевидение саласында менің бағымды ашқан продюссерім Серік Аббасшах пен режиссерім Мұрат Бидосов. Ән әлеміндегі көп әндерімді жүйелеп отыратын Бағым Мақсатқызы. "Торғай сойса да қасапшы сойсын" дейді әр мамандықтың өзінің маман иесі жасағаны жақсы. Ал кинода менің бағымды ашқан Баян иә, Баян Мақсатқызы. Менің үлкен кинодағы арманым тарихи киноларға түсу. Неше кастингтен де өттім Қазақфильмде. Дегенмен менің жұмыс графигімді көріп маған сенім артпайды себебі көріп тұр қанша жүктің тұрғанын арттарында. Менің коммерциялық киноларға, сериалдарға түстім тіпті көп концертте жүргізуші болдым. Бірақ өмірімдегі жалғыз әттеген-ай ол тарихи киноға түсу еді",- дейді Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, өнер иесі өзінің ұлы Асылжанға жар, өзіне инабатты келін іздеп жүргенін жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы