Қарағандыда хайуанаттар бағының қызметкерлері төрт айлық екі арыстанды сатпақ болды деген күдікке ілінді

Қарағандыдағы хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстанның күшігін сатпақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен демалыс күндері құқық қорғау органдары екі арыстанның күшігін сатпақ болғандарды әшкереледі.  Жыртқыштар Қарағанды ​​хайуанаттар бағында дүниеге келген. Алайда оларды бақтан нақты кімнің алып шыққаны және заңсыз мәмілеге кімнің қатысы бары айтылмады.

Қарағанды ​​қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жануарларды сатуға әрекеттенген күдіктілердің қатарында хайуанаттар бағы қызметкерлерінің де барын айтты.

"Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қатарында хайуанаттар бағының қызметкерлері де бар. Құқық қорғау органдары жағдайды реттейді деп ойлаймын. Біздің құзырымыз тек жануарлардың санын тексеру. Қазір осымен айналысып жатырмыз. Бұл күшіктер шынымен де, Қарағанды ​​хайуанаттар бағында дүниеге келген, олар бір жарым айлық. Төрт күшік туды. Бұл туралы зоопарк директоры хабарлады. Біз олар төрт айға толғанда ғана тіркейміз. Жануарлар кейде әлсіз болып туады. Бұл жағдайда екеуі қалыпты, екеуі әлсіз болып дүниеге келді. Қазір сатылмақ болған арыстан күшіктері хайуанаттар бағына қайтарылды", - дейді бөлім басшысы Баян Нұртаева.

Ведомство өкілдері хайуанаттар бағының барлық қызметкерінен жауап алынатынын айтты. Оның ішінде директор да бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!