Сириядағы лаңкестерге ақша жіберген өзбекстандық ер адам алты жылға сотталды

Сириядағы лаңкестерге ақша жіберген өзбекстандық ер адам алты жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) мәліметінше, Қашқадария облысы Якқабағ ауданының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында Ресейде жұмыс істеген. Осы кезеңде ол үгіттеуші лаңкестердің ықпалына түсті. Интернет арқылы ол террорист ағымдардың идеологиялық жетекшілері Абдулла Зуфар, Абдулла Бухари, Садық Самарқанди, Махмуд Абдулмумин және тағы басқалардың "хижрат" пен "жиһадқа" шақырған жазбаларын тыңдап, тарата бастады.

Сонымен қатар, ол Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашып, онда фундаментализм идеясы айтылған жазба жариялаған. Сондай-ақ, ол "Хизб ут-Тахрир" халықаралық лаңкестік ұйымымен байланысып, Өзбекстандағы конституциялық құрылысты құлатуға бағытталған жазбаларды Telegram-да таратқан. Сондай-ақ, Сирияда соғысып жатқан содырларды қолдауға ақша жіберген.

2022 жылғы қыркүйекте ер адам Өзбекстанға оралып, заңсыз әрекеттерін сол жерде жалғастырған. Осыдан кейін оны Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері қамауға алды.

Қылмыстық істер жөніндегі Якқабағ аудандық соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 155-3, 159 және 244-1 баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды және алты жылға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!