Түркістан облысында күдікті изолятордан қашып кеткен

Түркістан облысында күдікті изолятордан қашып кеткен

Түркістан облысында қылмыскер изолятордан қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

11 маусымда ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық жасады деп айыпталған ер адам Сарыағаш аудандық ПБ-нің УҰИ-дан қашып кеткен.

Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шықты. Қазір жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іздеуге Түркістан облысы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

"Бүгінгі таңда "Ұстап алу" жоспары іске асырылып жатыр. Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығысына бекеттер қойылды. Сонымен қатар, ұстау шарасына Түркістан облысымен көршілес Шымкент қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының ПД, көліктегі полицияның бөлімдері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі де жұмылдырылған", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер ер адамды анықтау мен ұстау мақсатындағы жедел іздеу шараларын жалғастырып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина