Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиев тағы 10 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиев Құмтөр ісіне қатысты кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, қашқын экс-президент 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұрынғы үкімдерді ескере отырып, Бакиев жалпы 30 жыл түрмеде отыруы керек.

"Бішкек Первомай аудандық сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімі бойынша Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасы Қылмыстық Кодексінің 336-бабы 2-бөлігінде көзделген "Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың мүддесінде жасалған немесе ауыр зиян келтірген сыбайлас жемқорлық" қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазды басылым.

Сондай-ақ, үкімде Құрманбек Бакиевтің мүлкі тәркіленіп, жазасын өтегеннен кейін үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтыны айтылған.

Дәл осы іс бойынша экс-президенттің ұлы Максим Бакиев 13 жылға сотталды. Бұрынғы сот шешімдері негізінде ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ал оның орынбасары Алексей Құмтөр ісі бойынша 12 жылға сотталған. Бұрынғы үкімдерін ескере отырып, ол 30 жыл түрмеде отыруы керек.

Геология және минералдық ресурстар агенттігінің бұрынғы басшысы Қапар Құрманалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы сот шешімін ескере отырып, ол 13 жыл түрмеде отыруы керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!