"Шығармашылықты қойып, кәсіппен айналысып кетті". Әнші Мирас Жүгінісовтің анасы ұлдары туралы айтты

"Шығармашылықты қойып, кәсіппен айналысып кетті". Әнші Мирас Жүгінісовтің анасы ұлдары туралы айтты
Фото: коллаж

Өнерлі отбасы Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова ұлы Мирастың жұлдызы осы кез екенін айтты. Тіпті бала кезінде әнші болғысы келмегенін бірақ әрдайым қолдау көрсеткенін жеткізді. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерпаз Айнұр Жүгінісова үлкен ұлы Рүстем Жүгінісовтың ресми шығармашылығын тоқтатқанын айтты.

"Рүстем шығармашылықты қойып, кәсіппен айналысып кетті. Мен өнер адамы болғандықтан, баламның өнерден кеткенін қаламадым. Бала есейіп, ержеткен кезде өзін зейнетке шығып кеткен адам сияқты сезінеді екен. Маған: "Мама, мен шаршадым. Еркектердің жұмысын істегім келеді" деді. Біздің үйде әкесі өмір бойы кәсіпте. Соны көріп өскендіктен балалардың бизнеске қабілеті бар. Өздері ашамыз деді, біз батамызды бердік. Қазір істерін өздері дөңгелетіп отыр",- деді ол.

 Әншінің айтуынша Мирас Жүгінісов әнші болғысы келмейтінін айтып жылаған екен.

"Мирас та футбол дүкенін ашты. Ол Мирастың кішкентай кезінен арманы болатын. Негізі футболист боламын деп армандайтын. "Мен әнші болмаймын, әнші болғым келмейді" деп талай жылайтын. Ол кезде Рүстем мен Мұхаммедәлі танымал еді, ал Мирас шыққан кезде ешкім танымайтын. Сол кезде "Балам, сабыр ет, сен әлі өзіңді дәлелдеген жоқсың. Барыңды көрсет, содан соң қабылдамай жатса көрерсің деп жұбататынмын",-дейді Айнұр Жүгінісова.

 Айта кетейік, әнші Мирас Жүгінісов 9 мың тыңдарманның басын қосып жеке ән кешін өткізген болатын. Сол кешке өнерпаз қанша қаржы жұмсады? Осы жерден оқи аласыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы