ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тауларында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Саяхаттаушылар, тауға баруды ұнататындар, 12 маусымда Алматы тауларында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні найзағай кезінде секундына 15-20 метрге жетеді. Тауға барудан аулақ болуыңызды сұраймыз! 112-ден ескерту сигналдарын және БАҚ, теледидар, радиохабарламаларын қадағалаңыз!" - делінген үндеуде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!