Өскемендегі зауыт басшылығы өрттен қаза болғандардың отбасыларына бір миллион теңгеден аудармақ

Өскемендегі зауыт басшылығы өрттен қаза болғандардың отбасыларына бір миллион теңгеден аудармақ
Фото: Автордан

Абай облысындағы алапат өрт кезінде көз жұмған орманшылардың отбасы мен жақындарына "Қазцинк" ЖШС материалдық көмек көрсетпек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 маусымда түс ауа тұтанған өрт аз уақытта ауқымын кеңейтіп, "Семей орманы" резерватындағы қызыл жалын 60 мың гектарға жайылды. "Қазцинк" басшылығы өрт кезінде өлім құшқандардың отбасыларына бір миллион теңгеден көмек көрсету туралы шешімге келді.

"Абай облысындағы өрт ұлттық трагедияға әкелді. Бертінге дейін бұл өңір Шығыс Қазақстанның бір бөлігі болған еді. Кеншілер мен металлургтерді ортақ жобалар байланыстырады. Апатты ауыздықтау кезінде көмек берудің біз үшін маңызы зор. Өз жұмысын орындауда көзсіз ерлікке барған батырларды ел болып аза тұтып жатыр. Арқа сүйер азаматынан айырылған жанұяларға қолдан келер көмегімізді көрсетсек дейміз. Зауыт ұжымы қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді "Қазцинктің" бас директоры Александр Хмелев.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы