WhatsApp-та өрт Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіріп жатыр деген жалған ақпарат тарады

WhatsApp-та өрт Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіріп жатыр деген жалған ақпарат тарады
Фото: ТЖМ

WhatsApp-та өрт Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіріп жатыр деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Әкімдік мәліметінше, бұл - жалған ақпарат. Қазір Шүлбі ГЭС-іне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Біз азаматтарды дүрбелеңге түспей, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек