Президент 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымда еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні жариялаған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!