Абай облысындағы өрт: жедел штаб басшысы Димитрий Гариков жағдайға қатысты пікір білдірді

Абай облысындағы өрт: жедел штаб басшысы Димитрий Гариков жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: Абай облысының әкімдігі

Жедел штаб басшысы Димитрий Гариков өрттің Қаштақ орман шаруашылығына қарай жүріп жатқанын, жедел әрекет ету үшін техникалар жиналып жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, ол негізгі сөндіру жұмыстары түнде жүргізілетінін қосты.

"Қазір желдің күшеюіне байланысты жағдай қиындап барады. Өрт Қаштақ орман шаруашылығы, Таврия елді мекені бағытында жүріп жатыр. Онда техниканың 65 пайызы жинақталған. Успен орман шаруашылығында мезгіл-мезгіл шағын атыс нүктелері пайда болады. Жұмыстың басым бөлігі түнде жасалады. Сондай-ақ, Жерновка ауылында жағдай күрделі - рельефтің кесірінен техника ол жаққа өте алмайды", – деді Дмитрий Гариков.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек