Тоқаев: қазіргі басты міндет - адам өмірін сақтап қалу

Тоқаев: қазіргі басты міндет - адам өмірін сақтап қалу
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жедел штаб отырысында қазіргі басты міндетті айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі басты міндет – адам өмірін сақтап қалу. Сондай-ақ, өртті тоқтатып, елді-мекендерге таралуына жол бермеу. Өрт қаупі бар жерден көшірілген тұрғындарды қауіпсіз мекенге орналастырып, оларға қажетті жағдай жасау керек. Қатердің беті қайтқан соң, залалдың көлемін шұғыл анықтау қажет.

Зардап шеккен тұрғындардың бәріне қолдау көрсетіледі. Мен жаңа ғана азаматтармен кездестім, уәде бердім. Сондықтан берілген уәдені міндетті түрде орындауым керек. Қаза болған азаматтардың отбасына және зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу мәселесін шешуді тапсырамын. Бұл мәселеде созбалаңға салу мүлдем болмауы керек.

Алапат өрт кезінде өмірін құрбан еткен жандар мемлекеттік наградаға ұсынылсын. Сондай-ақ, бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау қажет", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек