Қырғызстан-Қазақстан шекарасында жол талғамайтын көлік жарылып кетті

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Lexus өртеніп, кейін жарылған. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, "Ақ-Тілек" бекетінің маңында тұрған Lexus LX 470 көлігі белгісіз себептермен өртеніп кеткен. Оны бірден сөндіру мүмкін болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 15:37-де түскен. Сағат 15:55-те өрт ауыздықталып, 16:34-те толығымен сөндірілді. Жарылыс салдарынан Lexus LX 470 көлігі мен үш ағаш өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!