"Аптасына бір темекі – ол өз-өзіңді алдау": онколог темекі шегетіндер шалдығатын қатерлік ісік жайлы айтты

"Аптасына бір темекі – ол өз-өзіңді алдау": онколог темекі шегетіндер шалдығатын қатерлік ісік жайлы айтты
Фото: pixabay.com

Темекі шегу - көптеген онкологиялық аурудың негізгі факторларының бірі. Оған қоса бұл тек темекі көп шегетіндерге емес, сонымен қатар "аптасына бір ғана темекі тартатын" адамдарға және күнделікті темекі түтінімен демалатындарға (пассивті темекі тарту) қауіп төндіреді. Онколог Александр Серяков Psychologies порталына темекі шегетіндер жиі шалдығатын қатерлі ісік түрлерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Темекі шегу қатерлі ісіктің пайда болуына қалай әсер етеді?

Темекі созылмалы аурулардан басқа жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі, асқазан-ішек жолдарының ауруларын және тіпті, темекі шегу қатерлі ісігін тудырады. Статистика бойынша, осы зиянды әдеттен  әр 8 секунд сайын 1 адам қайтыс болады.

"Темекі түтіні толығымен дерлік ағзаға аса қауіпті қосылыстардан, канцерогендерден тұрады. Түрлі бағалаулар бойынша "коктейльге" 4000-нан бастап 7000-ға дейін химиялық зат кіреді, олардың 69-ының канцерогенділігі толығымен дәлелденген, ал 250-і цитотоксикалық болып саналады, яғни олар жасушаларды улайды. Түтіннің ең танымал компоненттерінің арасында аммиак, аминдер, формальдегид, бензол және циан қышқылы бар", - дейді онколог Александр Павлович Серяков.

Канцерогендер ағзаға түскенде ДНҚ-ны зақымдауы мүмкін. Бұл өз кезегінде, мутациялардың және жасушаның бақылаусыз бөлінуін арттырады. Және жиі онкологиялық процестің бастамасы болады.

Ең алдымен, біз өкпенің қатерлі ісігі, сондай-ақ көмейдің, ауыз қуысының және өңештің қатерлі ісігі туралы айтып отырмыз. Бірақ темекі шегу мен қатерлі ісік арасындағы байланыс тек "байланыс мүшелерімен" шектелмейтінін түсіну маңызды: темекі шегушілерде барлық онкологиялық аурудың, соның ішінде қуық, жатыр мойыны, ұйқы безі, қан онкопатологияларының қаупі жоғары.

Сирек темекі тартатындар және темекі түтінімен демалатындар үшін қандай қауіп бар?

"Мен ең маңыздысынан бастайын: егер адам мен темекі тартпаймын деп, мысалы, аптасына бір-ақ рет темекі шексе, онда бұл өзін-өзі алдау. Бұл жерде жүктілікке сияқты қарау керек: ол бар немесе жоқ", - деп түсіндіреді Александр Серяков.

Қатерлі ісіктің даму ықтималдығы келесі факторлардың әсерінен артады:

  • темекіні өте ерте шегіп бастау;
  • темекіні ұзақ уақыт бойы тарту;
  • күніне 20 немесе одан да көп темекі тарту;
  • алкоголь ішу.

"Адамда бұл факторлардың барлығы бар болса, қауіп 90%-дан асады. Егер, мысалы, адам темекі тартуды салыстырмалы түрде кеш бастаса немесе жақында ғана бастаса және күніне 10 шылымнан артық шекпесе, алкогольді ішімдік ішпесе, ол үшін қатерлі ісіктердің даму қаупі 25-30 %-ға дейін төмендейді. Алайда мұның өзі көп екенін түсіну маңызды", - деді Александр Серяков.

Пассивті темекі шегуге келетін болсақ, темекі оны шегетіндердің өздеріне ғана емес, үнемі қасында болатындардың да денсаулығына кері әсер ететіні бұрыннан белгілі.

Темекіні қалай тастауға болады?

Зиянды әдеттен қаншалықты ерте бас тартсаңыз, соншалықты жақсы.

"Темекі шегуді оңай және тез тастаудың әмбебап жолы жоқ. Бұл әр адамға әртүрлі: біреулер үшін белсенді спортпен айналысу, басқалары үшін біреулермен бірігіп темекіден бас тарту, тағы біреулер үшін дәрігермен бірге таңдалған никотинді алмастыру терапиясы немесе ақша үнемдеу үшін және т.б. Ең бастысы, темекіні тастау мүмкін нәрсе екенін есте ұстаған жөн. Одан сіздің денсаулығыңыз да, өміріңіз де жақсарады", - деп қорытындылады Александр Серяков.

А. Жапатова