Арбаға таңылған атыраулық волонтер әкім кеңесшісі болып тағайындалды

Арбаға таңылған атыраулық волонтер әкім кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: Автордан

"Көпшілікке қайырымды істердің бастауында жүретін волонтер ретінде танылған Қуат Жанесеев Индер ауданы әкімінің кеңесшісі" болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуат Жанесеев - Индер ауданына қарасты Елтай ауылының тумасы.
Біраз жылдан бері арбаға таңылған волонтер мұқтаж отбасыларға асарлатып баспана әперу, азық-түлік тарату, науқас балалардың еміне көмек көрсету сынды ізгі істерге бастамашы болып, көптің батасын алып жүр.
Тіпті, Атырау облысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келген кезде, Қуат мемлекет басшысымен кездесіп те үлгерді.


"Жаңа қызметімде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтенуі жолында еңбек етемін. Олардың кәсіп ашуына, мамандық меңгеруіне қандай мүмкіндіктер бар, бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар қалай жұмыс істейді, осындай тақырыптарда кеңес беріп, ақпараттандыратын боламын" дейді Қуат Жанесеев.

Қуат жергілікті тұрғындардың, ауылдың мәселесін билік органдарына жеткізіп отыратын блогер ретінде де танымал.
Instagram желісінде 37 мың жазылушысы бар Қуат мұқтаждардың мәселесінің оң шешілуіне әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы да атсалысып келеді.


Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы