Желіде өртсөндірушілердің жаңбыр сұрап дұға жасаған суреті тарады

Желіде өртсөндірушілердің жаңбыр сұрап дұға жасаған суреті тарады
Фото: Фото @ekko_92

Әлеуметтік желіде Абай ауданында өртсөндірушінің жаңбыр сұрап дұға жасаған суреті тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл суреттерді өртсөндіруші Елдос Нұртазаев Instagram-парақшасында бөлісті. Желіде тарап кеткен суретте әріптесінің жаңбыр сұрап дұға етіп жатқаны көрсетілген. Олар өрт болған жерге су тасып жатқан көрінеді.

Қазақстандықтар өртсөндірушілерге қажырлы еңбектеріне сәттілік тілеп, олардың аман-есен оралуын тіледі.

Сонымен қатар, Нұртазаев өртті сөндіргеннен кейін құтқарушылардың жерде демалып демалып жатқаны түсірілген видеоны жариялады. 

Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады

Айта кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатқаны хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек