"Жасырын түсіріп алған". 19 жастағы жігіт сүйіктісін интим суреттері мен видеоларын таратамын деп қорқытқан

Өзбекстанда ер адам сүйіктісін интим суреттері мен видеоларын таратамын деп қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарына Өзбекстандағы Джизах қаласының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бұрынғы жігіті әлеуметтік желіде жалаңаш видеолары мен фотоларын жарияламағаны үшін 800 доллар талап еткен.

Тергеу барысында бұл қызбен 19 жастағы жігіттің қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Олар үйленбек болған. Сонымен қатар, жігіт қыздың киім ауыстырып жатқан сәтінде оны жасырын түрде суретке, видеоға түсіріп алған.

Біраз уақыттан кейін қыз ғашығына қарым-қатынасты тоқтату туралы айтқанда жігіт оны интим фотолар мен видеоларды таратамын деп қорқыта бастаған. Кейін ол қыздан 800 доллар талап еткен.

Нәтижесінде бопсалаушы 800 долларды алып жатқан жерінде ұсталды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!