Эколог орман алқаптарында су қоймалары картасын дайындауды ұсынды

Эколог орман алқаптарында су қоймалары картасын дайындауды ұсынды
Фото: © instagram/minecology_kz

Эколог Тимур Елеусізов еліміздегі барлық орман алқабында су қоймаларының картасын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, карта ТЖМ-нің тікұшақтарына алапат өрт кезінде, уақыт жоғалтпау үшін қажет. Сондай-ақ, сарапшы жергілікті тұрғындардан жасақ дайындап, оларды өрт сөндіру кезіндегі жедел жұмыстарға үйрету керегін айтты.

"Көміртегі тотығының дозасын алмау үшін, ең болмағанда, сүлгіні сулап алып, өзіңіз бен жақыныңыздың басына орап қою керек. Бұл ауыр түтінді сіңірмеуге көмектеседі. Үстіңіздегі киімді де сулау маңызды, өйткені құрғақ киім тез тұтанғыш келеді. Негізі өрт болса, бірден үйден шығып кетіңіз, маңайда тоған болса, суға бір сүңгіп алған дұрыс", - деді Kaz Eco Patrol республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Тимур Елеусізов. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек