Ауа желдеткішіңіз болмаса: аптаптан сақтану жолдары

Ауа желдеткішіңіз болмаса: аптаптан сақтану жолдары
Фото: elements.envato.com

Жаз басталғалы ауа температурасы күрт жоғарылай бастайды. Мұндайда сыртқа шығудан бөлек, желдеткіші жоқ пәтерде отыру мүмкін емес. Пәтерді салқындатудың түрлі амалы бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

  • Бөлмеге күн сәулесі түспеуі үшін перде іліп қойыңыз. Күндіз де пердені ашпаған дұрыс.
  • Егер бөлмені тым қараңғы еткіңіз келмесе, сондай-ақ, кондиционерді қосқыңыз келмесе, терезелердің үстіне күннен қорғайтын жапсырма іліп қоюға болады. Бұл пәтерді қараңғы етпей, бөлменің ысып кетуінен қорғайды.
  • Бөлмені желдетіп тұрған жөн. Бұл үшін терезені таңғы не түнгі уақытта ашқан дұрыс. Одан басқа, түнде терезе ашып ұйықтасаңыз, таң ата жауып қоюды ұмытпаңыз. 
  • Бөлмедегі ауаны ылғалдандырып қойған дұыс. Салқын су немесе пәтерге арналған себетін иісшығарғышты әр жарты сағат сайын шашып қойсаңыз болады.
  • Күндіз компьютер, теледидарды пайдаланбауға тырысыңыз. Олар ауаны қыздырады. 
  • Тамақ істеп жатқанда ауа сорғышты пайдаланыңыз. 
  • Қарапайым желдеткіш алдында салқын су қойсаңыз, салқын ауа соғады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек