Астанада жаңа су құбыры іске қосылып, су қысымы артты

Астанада жаңа су құбыры іске қосылып, су қысымы артты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі қалада жаңа су құбыры іске қосылғанын хабарлады. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те су мәселесіне қатысты ақпарат жариялады.

"Кеше су құбырының жаңа тармағы іске қосылды. Бұл тұрғын үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді", - деп жазды Астана әкімі.

Ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусымның аяғында аяқталады. Осыдан кейін қалада су тапшылығы мәселесі толық шешіледі, дейді елорда әкімі. Оның айтуынша, құрылыстың екінші кезеңі тамызда аяқталады, бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!