Грета Тунберг мектеп оқушысы ретінде соңғы наразылыққа қатысты

Грета Тунберг мектеп оқушысы ретінде соңғы наразылыққа қатысты
Фото: First News Media

Шведтік қоршаған ортаны қорғау белсендісі Грета Тунберг мектеп оқушысы ретінде қоршаған ортаны қорғауға арналған соңғы наразылығын жұма, 9 маусымда өткізді.

"Мектеп оқушысы ретіндегі наразылықтың 251-ші аптасы. Мен бүгін мектеп бітіріп жатырмын. Сондықтан бұл менің мектептегі соңғы наразылығым", - деп жазды Тунберг Twitter-де.

Сонымен бірге, 20 жастағы белсенді наразылық шаралары жұма күндері де жалғасады, дегенмен олар техникалық жағынан бұдан былай мектеп шерулері болмайтынын айтты.

"Қолымыздан келгеннің бәрін жасаудан басқа амалымыз жоқ, шайқас енді басталды", - деді ол.

2018 жылдың тамызында, Швециядағы парламенттік сайлауға бір апта қалғанда Грета Тунберг Стокгольмде өзінің алғашқы климаттық акциясын өткізді. 15 жастағы мектеп оқушысы саясаткерлерді Жер температурасының Цельсий бойынша бір жарым градустан жоғары көтерілуіне жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүрлемек болған. Көп ұзамай Гретаның үлгісін дүние жүзіндегі басқа мектеп оқушылары жұма күндері мектептен шығып, климаттық демонстрациялар өткізді.

Т. Раушанұлы