Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматыда өтеді: уақыты мен орны белгілі болды

Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтетін жер мен уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

70 жасында өмірден өткен мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді. Қоштасу рәсімі 11 маусымда сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді деп белгіленген.

Еске салайық, бүгін мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасына қараған шағында қайтыс болғаны белгілі болды.

Бердібек Сапарбаев - Қазақстандағы бес өңірдің (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының) бұрынғы әкімі, премьер-министрдің орынбасары, еңбек министрі, экономика ғылымдарының докторы.

Тоқаев Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!