Ғарышкер Айдын Айымбетов TikTok-та Жерді тегіс дегендерге жауап берді

Қазақстанның Халық Қаһарманы, ғарышкер, Айдын Айымбетов - белсенді TikTok қолданушысы. Авиация генерал-майоры бейнежазбаларды жүктеп қана қоймай, өз жазылушылары үшін байқаулар, челлендждер және тікелей эфирлер өткізеді.

Қазақстанның Халық қаһарманы өзінің аккаунтын салыстырмалы түрде жақында тіркегеніне қарамастан, оның қазірдің өзінде 80 мыңға жуық жазылушысы бар және оның видеолары жиі «рекке» шығып, миллиондаған көрілім жинайды. Бұл ретте Қазақстанның Ұлттық қаһарманы «миллионер» блогер болу мақсатын көздемейді. Айымбетовтың айтуынша, ол TikTok-қа адамдарға ғарыш туралы көбірек мәлімет беру үшін ғана тіркелген.

"Мен көбірек ақпарат бергім келеді. Салмақсыздық дегеніміз не, ғарышқа ұшу шарттары, тамақтану туралы болды... Өскелең ұрпақ білсін", - дейді Айдын Айымбетов.

@aidynaimbetov 7 маусым сағат 15:00 сіздерді тікелей эфирде күтемін? Құттықтаймын @. ♬ All Eyes on Me - Dj Belite & DNDM & Shahlo Ahmedova

Ғарышкердің айтуынша, ол TikTok-ты таңдаған себебі бұл әлеуметтік желі басқаларға қарағанда жаңа және танымал.

– Осы желіні енді ғана меңгеріп жатқандармен бөлісетін «қулықтарыңыз» бар ма?

– Жоқ, менде әзірге арнайы әдістер жоқ.

– Осы TikTok-та Жерді тегіс деп санайтындар көп. Сіз оларға не деп жауап бере аласыз?

– Жер тегіс? (таңданумен). Жарайды, олар сене берсін. Әркімнің өз таңдауы бар.

– Әйеліңіз сізге аспаннан жұлдыз алып беруіңізді сұрады ма?

– Жұлдызды бәріміз алып береміз.

– Сіз ғарышты сағынасыз ба? Қайта ұшқыңыз келе ме?

– Әрине, бұл қызық жұмыс.

– Сіздің ойыңызша, Қазақстанның толыққанды ғарыштық державаға айналып, өзі «Байқоңыр» ғарыш айлағын игеріп, пайдаланатын уақыты келе ме?

– Бәрі алда.