"Фильм түсіріліп жатыр деп ойладым". Кенет істен шыққан эскалаторда 14 адам зардап шеккен

"Фильм түсіріліп жатыр деп ойладым". Кенет істен шыққан эскалаторда 14 адам зардап шеккен
Фото: видео кадры

Оңтүстік Кореядағы метро станцияларының бірінде эскалатордан ақау шығып, салдарынан 14 адам зардап шекті. Бұл туралы New York Post басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген, арқасы мен аяғы ауыр жараланған. Қалғандарына сол жерде қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілгені айтылды.

Оқиға Соннамда болған. Эскалатор кенет қарсы бағытта қозғалып, адамдар бір-бірінің үстіне құлай бастаған.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны айтылды. Оқыс оқиға таңертең ерте адамдар жұмысқа асығып бара жатқан уақытта болғаны айтылды.

Эскалатор қазір жабылып, ақау себебі анықталып жатыр. Тергеу жұмыстарымен теміржол сот полициясының арнайы бөлімі айналысады.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, әуелі ол метрода фильм түсіріліп жатыр деп ойлаған. "Мен бұрын-соңды мұнша көп адам жиналғанын көрген емеспін", - дейді 68 жастағы қала тұрғыны.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан