Әлеуметтік желілердегі фейк: Бородулиха ауданындағы өрттің видеосы тарады

WhatsApp мессенджерінде ірі орман өртінің видеосы тарады. Кадрларда тілсіз жау Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Бородулиха ауылының маңында шыққан деп жазылған. Бұл өтірік, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кадрлардың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Видео Ресейде түсірілген.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді – өрт мамыр айының басында Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген. "Новосибирск онлайнның" хабарлауынша, видеода 11 мамырда "Омбы-Түмен" тас жолында орын алған өрт көрсетілген. Сонымен қатар видеода жазылған жазу да дұрыс емес – Бородулиха аумағы ШҚО-ға емес, Абай облысына қарайды", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!