Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты тағы тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.

Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!