Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған 14 қызметкер өлі табылды - фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен орманшылықтың барлық 14 қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысының әкімідігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

ҚР ТЖМ растаған ресми деректерге сәйкес, орман шаруашылығында қаза тапқан үш қызметкер табылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!