Тоқаев У Чжэнмен цифрландыру және онлайн-сауда туралы сөйлесті

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қаржы саласындағы инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру және онлайн-сауда, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Президентке жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар У Чжэн өз компаниясының АХҚО базасында Көміртегінің жаһандық цифрлық сауда орталығын ашу жоспары туралы айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!