Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді 

Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Семей әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрттің туындауына байланысты (Батпаев орманшылығы 66, 67, 55, 42 орам) Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген құжатта.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Семей әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тағайындалды.

Еске салайық, мұның алдында орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапқанын, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!