Ер адам әкесін қорлаған жүргізушіге шабуыл жасады (видео)

Өзбекстанда жолда жүргізушілер арасында жанжал шықты. Әлеуметтік желілерде жүргізушілердің бірі екінші ер адамның көлігіне шабуыл жасап, алдыңғы әйнекті сындырып жатқаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Видеода Matiz көлігіндегілер Equinox көлігінің жолын жауып тастағанын көруге болады. Содан кейін ер адам Equinox көлігінің әйнегі сындыра бастайды. Қорыққан жүргізуші мен жолаушылар кетуге тырысады.

Облыстық Ішкі істер басқармасы мәліметінше, бұл оқиға 14 мамырда сағат 18:20 шамасында Қарасу қаласында болған. Жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындаған. Equinox жүргізушісі Matiz жүргізушісінің әкесін балағаттап, кетіп қалған. Одан кек алу үшін ер адам оны қуып жетіп, көлігінің әйнегін сындырған.

Equinox көлігіне келтірген залал 7 миллион сумға бағаланды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Matiz жүргізушісіне қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!