"Батырлар арамызда". Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады

Әлеуметтік желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода түтін арасында әр жерде демалып жатқан өрт сөндіру саласының қызметкерлері көрінеді. Парақшалардың бірінде бұл жағдай Абай облысында болып жатқаны айтылады.

"Видеода ауыр жұмыстан шаршаған өртсөндірушілер демалып жатыр. Кешеден бері Абай облысында тілсіз жаумен күрес жүргізіліп жатыр. Батырлар арамызда", - делінген kaztwitter Instagram-парақшасында.

Желі қолданушылары өртсөндірушілерге күш-жігер тілеген.

"Алла жеңілдігін берсін", "Жұмыстары оңай емес", - дейді олар.

Айта кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатқаны хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!