Алматыда бір ауданда уақытша ыстық су өшіріледі

Алматыда бір ауданда уақытша ыстық су өшіріледі
Фото: elements.envato.com

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы бірқатар ғимаратта уақытша ыстық су өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы - Райымбек - Алтын Орда - Медеубеков көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС теңгерімінде тұрған "Премьер" қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген "Алматы жылу жүйесі" хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова