"Өсек болып кетеміз" деді". Алтынай Жорабаева екінші күйеуі інісіне көлік алып бергенін айтты

"Өсек болып кетеміз" деді". Алтынай Жорабаева екінші күйеуі інісіне көлік алып бергенін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі қайын інісі Талғат Жорабаевқа көлік мінгізген. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ел-жұрт қате түсінбесін, қауесет тарамасын деген оймен көлікті Алтынай Жорабаеваның өзі алып берді деп жариялаған екен.

"Негізінде ол көлікті жолдасым алып берген. Біз ол кезде үйленбегенбіз. Мен ол кезде басқа қалада жүрмін. Сөйлесіп жүрміз. Астанаға кеткен кезім. Телефоннан суретке түсіріп жібереді. Бума-бума доллар. Бұл не, түсінбеймін. "Талғатқа машина алып бергім келіп тұр" дейді. "Не үшін" деймін. Талғаттың келіншегі арғын ғой, ал Әлішер арғын. "Болашақ жиенім жаурап қалмасын, көліктерінің пеші біресе істейді, біресе істемейді екен. Жайла көлікте жүрсін" дейді. Мен түсінбеймін. Ол менің әнші екенімді білмеді. Кейін "Ой сенің әншілігіңе немесе ақшасына қызығып келіп жатқан жігіт қой" деп ойлайды. Мейлі, сыртта әңгіме бәрібір жүре береді. Керісінше, әке-шешең, туысқандарың мен туралы сондай ойда болмаса екен, менің жағдайым өзіме жетеді, тіпті Талғатқа көлік сыйлауға жетеді" деді. Өзінің бауырларына да көлік алып беріп жатқан. Талғатқа да алып берді, өзім түсінбей қалдым. Талғат "мен мынаны айтқым келіп тұр, қазір айтсақ өсек болып кетеміз, сен сыйлады деп айтайықшы" деді. Сөйтіп, солай болып кетті. Міне, құпия ашылды", - дейді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова