Алматыда жыл соңына дейін 399 заңсыз сауда нысаны сүріледі

Алматыда жыл соңына дейін 399 заңсыз сауда нысаны сүріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жыл соңына дейін 399 заңсыз сауда нысаны сүріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың сыртқы келбетіне және абаттандыруға нұқсан келтіретін, тротуарлар мен жол учаскелерін қоқыс тастайтын заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерімен (ССО) күресу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қажетті шаралар қабылдауда.

"Ерікті сүруді жүзеге асыру үшін заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері иелерімен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Нысан сүрілген соң аудан әкімдіктерімен бірлесіп, заңсыз объект орнатылған аумақ ретке келтіреді, қоқыстан тазарады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Мониторинг қорытындысына орай 2022 жылы Алматы қаласы бойынша жер заңнамасын, санитарлық, қала құрылысы және өрт нормаларын бұзған 500-ден астам заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері анықталды. Бүгінде 101 нысан сүрілді, қалғандары ағымдағы жылдың соңына дейін алынып тасталады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина