"Жастардан әдемі билеп қояды екен". Тойда билеген ата Қазнетті таңғалдырды

Әлеуметтік желіде тойда билеген атаның видеосы тарады. Оның қимылдары Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бір ерекшелігі - оның жастардың әуендеріне ілесіп кететіні. Бұған Желі қолданушылары да таңғалған.

@arailym_amangeldina Ответ пользователю @??????? ?????? #аташкакрутой #втренде #танец #би ♬ оригинальный звук - amangeldina_arailym

TikTok-тағылар оның жасына қатысты түрлі болжам жасаған. Тіпті кейбіреулері видеодағы адамның жасы үлкен емес екенін айтқан. Алайда бәрі оның биіне тәнті болған. 

"Күшті", "Кейбір жастардан әдемі билеп қояды екен", "Өзіне күшті жарасып тұр", "Дастан Оразбековтың қартайған шағында", "Биден сабақ берген шығар", "Хит ата", "Аташка мықты", "Ата әнгіме жоқ, билеп қояды екен", "Ата емес, біздің кезіміздегі би, қазір де осылай жарамыз биді", "Ерболат Беделхан 30 жылдан кейін", "Сақалы болғанмен қатты кәрі адам емес сияқты", - деді Желі қолданушылары.

@arailym_amangeldina Осылай күшті билейтіндерді белгілеңіз???? #бишіата #стильный #танец #аташкакрутой #тренд ♬ оригинальный звук - amangeldina_arailym

Желідегілердің бірі оның есімі Асылбек Жанұзақов екенін айтады. Ал видео оның немересінің 1 жас тойынан түсірілген. Сонымен қатар, оның 5:32 сериалы арқылы танымал актер Асланбек Жанұзақовтың әкесі екенін айтқандар да бар. 

"Папа, болды жұлдызсыз. Атаның биі деп пабликтерге шығып кетіпті", - дейді актердің жары, актриса Назерке Серікболова Желідегі парақшасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!