Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні рас па?

WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. Жазбада Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілгені айтылған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиісті өзгерістер қаулыға енгізілмеген.

"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", - деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!