Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әкімдіктің өзі хабарлады.

"Бүгін, 2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан