Қатар әмірі Ақордаға барды

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни Ақордаға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, санаулы минуттардан кейін екі ел басшыларының кездесуі басталады.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алған еді.

Бүгін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!