Тоқаев әуежайдан Қатар әмірін күтіп алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметі Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәниді күтіп алу сәтінен бірнеше фото жариялады.

Бүгін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!