Алматы әуежайы басшысының жалақысы 45 мың доллар екені рас па?

Алматы әуежайы басшысының жалақысы 45 мың доллар екені рас па?

Желіде Алматы әуежайының басшысы, түркиялық менеджер Алп Ер Тунга Ерсойдың жалақысы 45 мың доллар деген ақпарат тарады. Алматы әуежайының өкілдері бұл ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуежай басшысының жалақысы туралы ақпаратты экономика сарапшысы Денис Кривошеев Facebook-парақшасында жазған болатын. 

"Түсімізде де көрмеген шығармыз. Түркиялық менеджер, қазіргі Алматы әуежайының басшысы Алп Ер Тунга Ерсойдың жалақысы 45 мың доллар немесе айына 20 миллион теңге. Бұл оның тұратын үйі, ұшуын есептемегендегі сома", - дейді сарапшы. 

Бұл ақпаратқа қатысты Алматы әуежайының өкілі жауап берді. 

"Әлеуметтік желілерде таратылатын ақпарат шындыққа жанаспайды. Компания қызметкерлеріне қатысты ақпарат жариялауға жатпайтынын хабарлаймыз. Алматы халықаралық әуежайы жалған ақпараттың таралуына байланысты құқықтық салада одан әрі әрекет ету құқығын сақтайды", - дейді әуежайдың Корпоративтік коммуникациялар департаменті өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина