Желіде экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ұсталып жатқан сәтінің видеосы тарады

Желіде экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ұсталып жатқан сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Онда бірнеше ер адамның экс-депутатпен сөйлесіп тұрғаны бейнеленген. 

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінген еді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Нұржан Әлтаевтың аса ірі көлемдегі пара алды деген күдікпен ұсталғанын растады.

"Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жарияланбайды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2020 жылғы қарашада Әлтаев партияның беделін түсіргені үшін "Нұр Отан" (қазіргі Amanat) партиясынан шығарылған еді.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды, сонымен қатар, аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!