Ресей Leopard танктерін жою кадрларын көрсетті. Видеодағы техника комбайндар екені анықталды  

Ресей Leopard танктерін жою кадрларын көрсетті. Видеодағы техника комбайндар екені анықталды   

6 маусымда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей армиясы үш күн бойы майданның бірнеше учаскелерінде Украина қарулы күштерінің "көптен уәде еткен қарсы шабуылына" тойтарыс беріп жатқанын хабарлады.

Ол Украина тарапының кейінгі үш күнде 3715 әскери қызметкері, 52 танкі, 207 броньды техникасы, 134 техникасы, бес ұшақ, екі тікұшақ, 48 далалық артиллериялық зеңбірек пен 53 пилотсыз ұшақ шығыны болғанын растады.

Шойгу атап өткендей, 5 маусымда Украина қарулы күштерінің жеті бағыттағы шабуылы тоқтатылып, сол күнгі шайқастарда 28 танк, оның ішінде Германиядан жеткізілген сегіз Leopard және француздың үш дөңгелекті AMX-10 танкісі жойылған. Бұл ақпаратты сейсенбіге қараған түні Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шойгу өз сөзіне ешқандай дәлел келтірген жоқ. Бірақ көп ұзамай Ресей әскери кеңсесінің баспасөз қызметі БАҚ-қа қысқаша бейнероликті ұсынды, онда "шетелден жеткізілген броньды көліктердің, соның ішінде Leopard танктерінің жойылуы бейнеленгені" айтылған.

Бірден ресейлік әскери блогерлер Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің кадрларында шынымен бронетранспортерлер көрсетілгеніне күмәнданған.

Военный Осведомитель телеграм-арнасы машина силуэттерін (монохромды контурлық кескін) талдап, АҚШ-тың John Deere 9000 және 700 сериялы комбайндарды екенін мәлімдеді.

"Leopard деп ауылшаруашылық техникасын жойған кадрларды бізге көрсетудің не қажеті бар еді", - деп жазды арна авторы.

Тағы бір ірі телеграм-канал "Рыбар" да осындай қорытындыға келді.

 

"Егер кадрды үлкейтіп қарасаңыз, нысанның контурында ауыл шаруашылығы техникасына ұқсас нәрсені көресіз. Дөңгелектер контурларда анық ерекшеленеді, бұл комбайнға ұқсайды. Сонымен қатар, тікұшақ экипажы байланысында нысананың Leopard екенін айтпаған", - делінген хабарламада.

"Вагнердің" басшысы Евгений Пригожин "Leopard-ты жою" видеосына мысқылмен жауап берді.

"Бүгін РФ Қорғаныс министрлігі ПТУР-лардың (танкке қарсы басқарылатын зымырандар) әсерлі жұмысын көрсетті. Кадрларда "Леопард" танктерінің біртүрлі тактикалық маневрмен бір-біріне қарай жылжып бара жатқанын көруге болады. Бұл техникалар ауылшаруашылық комбайндары. Олардың тұмсығы иілген. Бірақ бұл біздің ПТУР сарбаздарына оларды жау техникасы ретінде санауға кедергі болмаған. Бұл оңбағандар танкіні комбайн кейпінде, танкистері болса комбайнер кейпінде жасырынуды үйреніп алыпты. Жігіттерге керемет жұмысына рахмет айтамын", - деді ол.

Т. Раушанұлы